29
Қазан

Санат жоқ 29.10.2015

Азат Перуашев Әлихан Бөкейханның 150 жылдық туған күнінің қарсаңында Алашорда өмірінен жазылған «Мұрат үшін майдан» пьесасын сахналауды ұсынады

 
2015 жылдың 29 қазаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Мұрат үшін майдан» пьесасын, оның басты кейіпкерлерінің бірі - Әлихан Бөкейханның 150 жылдық туған күні қарсаңында, 2016 жылдың наурызына дейін Астана, Алматы қалаларының драма театрларында сахналау, сондай-ақАлашорда өміріненжазылған бұл драманыоблыстардағы театрлардың 2016-2017 жылғы репертуарларына енгізу туралы ұсыныс жіберілді. Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бүгін өзінің Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына жолдаған хатында мәлімдеді.
2017 жылы – «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығы, ал одан бір жыл бұрын, келесі, 2016 жылы – сол қозғалыстың негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы. Париждегі ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің биылғы жылы қараша айына белгіленген осы ұйымның Бас конференциясында қабылдау үшін жіберген ұсыныстарының ішінде 2016 жылы қоғам және мемлекет қайраткері ӘлиханБөкейханның туғанына 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту жайы қарастырылып отыр.
Сондықтан да Азат Перуашев Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Парламенттік фракциясының атынанағымдағы жылдың қазанының 14-і күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.МәсімовкеӘлихан Бөкейханның 150 жылдығын лайықты деңгейде өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия құру қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдаған болатын. «Егер бұл ұсынысқа қолдау білдірілсе, аталған комиссияға жалпымемлекеттік, аймақтық және халықаралық деңгейдегі кешенді бағдарламалар даярлау ісі жүктелуге тиіс деп санаймын»,- дейді Партия көшбасшысы, - Елбасы жария еткен «Мәңгілік ел» мұраты да Алаш жолын елімізде де, халықаралық деңгейде де зерделей түссек, баянды болатыны күмәнсіз. Қалай болғанда да осы заманалық маңызы бар оқиғаға үн қосып, танымдық, тағылымдық тұрғыдан қоғамдық санаға сілкініс туғызатын мазмұнды шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажет».
Оның бір жолы - Алаш мұраты мен тұлғаларының бейнесін көркемөнер күшімен түсіндіру, ұқтыру арқылы мемлекетіміздің, ұлтымыздың, әсіресе жас ұрпақтың рухын оятатын іс-әрекеттер жасау. Осыған орай, іздегенге сұраған дегендей, Алашорда өмірінен жазылып, бірақ аяқталып үлгермеген, «Мұрат үшін майдан» атты 4 перделі, 6 суретті деп жоспарланған драма-пьеса табылып отыр. Оның авторы Мұқтызар Титақов – 1937 жылғы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны. Біз үшін пьесаның табылуы бір жаңалық болса, екіншіден пьеса авторы Алаш қозғалысындағы тың есім деп атап көрсетілген хатта. Пьеса авторы туралы аз ғана деректер, сондай-ақ бұл туындының түпнұсқасы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Семей қаласы басқармасының мұрағатында сақталған. М.Титақовтың сонау 1935-1936 жылдары саяси қуғын-сүргін күш ала бастаған ең қауіпті шақта Алаш үкіметінің қайраткерлері туралы пьесаның бірнеше көрінісін қағазға түсіруінің өзі қайсар рухтан туатын әрекет. «Ақ жол» партиясының тапсырысымен елге танымал жазушы-драматург Өтен Ахмет 1937 жылдың құрбаны, Алаш сарбазы Мұқтызар Титақовтың аяқтай алмаған пьесасын жандандырып, толыққанды пьеса етіп шығарды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде, осы университеттің проректоры, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы бас болып, «Мұрат үшін майдан» пьесасының таныстырылымы өтті. Бұл драманы алаштанушы ғалымдар, шығармашылық, әдеби-ғылыми орта қазақ драматургиясы үшін тосын жаңалық, сәтті шыққан дүние деп бағалап, елдік тарихымыздың аса құнды жәдігері санап отыр. Оның үстіне драманың жазылғанынан бергі 80 жылға жуық уақытта, Тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл болғанын қоса алғанда, Алаш мұраты туралы бірде-бір пьеса жазылмапты.
Енді міне осы олқылықтың орнын толтырудың мүмкіндігі туып тұр. «Ақ жол» партиясының төрағасы, партияның Парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан   «Мұрат үшін майдан» пьесасын, оның басты кейіпкерлерінің бірі - Әлихан Бөкейханның 150 жылдық туған күні қарсаңында, 2016 жылдың наурызына дейін Астана, Алматы қалаларының драма театрларында сахналау, сондай-ақ облыстардағы театрлардың 2016-2017 жылғы репертуарларына енгізу мәселесін шешуін сұрап отыр. Ол өзінің Министрге жолдаған хатын «Бұл Мәдениет министрлігінің Алашорда үкіметінің 100 жылдығы мен оның төрағасы Ә.Бөкейханның 150 жылдығына арнаған зор тартуы болар еді» деп түйіндейді.