Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі депутаттық сауалға мынаны хабарлаймыз.
Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы 2016 жылы республикалық деңгейде кеңінен атап өтіледі.
Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығын ЮНЕСКО-ның мерейтойлық іс-шаралар тізбесіне қосу жөніндегі еліміздің тапсырысы ағымдағы жылғы 3-18 қараша кезеңінде Парижде болған ЮНЕСКО-ның 38-ші бас конференциясы шеңберінде қаралды. Оң шешім қабылданған жағдайда, Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы көрсетілген тізбеге енгізілетін болады.
Қазіргі уақытта қаржы-экономикалық ахуалға және бюджеттің қысқартылуына байланысты 2016 жылғы мерейтойлық іс-шараларды өткізуге арналған мақсатты қаржы қаражаты көзделмеген.
Осыған байланысты, мерейтойлық іс-шаралар мемлекеттік органдардың ағымдағы жұмысы шеңберінде және бюджеттен тыс қаражатты тарту есебінен өткізілетін болады.
Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын мерекелеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру мәселесі бойынша арнайы комиссия құрудың орынсыз екенін хабарлаймыз.
Ә.Бөкейхановтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында мемлекеттік органдарға тарихи тұлғаның мерейтойы құрметіне БАҚ-тарда кеңінен жариялай отырып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени-көпшілік және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізуге тапсырма берілді.