03
Ақпан

Санат жоқ 03.02.2016

«Ақ жол» Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізімін бекітті


Фото: tengrinews.kz

«Ақжол» ҚДП Орталық кеңсесінде өткен партияның XIII съезінде, алдағы Мәжіліс сайлауына өзінің партиялық тізімін бекітті.

Съезд жұмысына Қазақстанның барлық аймағынан делегаттар қатысты. 20-шы наурызға жоспарланған Парламент Мәжілісінің сайлауына партияның қатысуы туралы Төралқаның шешімін Съезд бірауыздан қолдады.

Партия жетекшісі Азат Перуашев: «Мемлекетті басқару, заң шығару жұмыстарына қатысу - кез келген саяси партияның басты міндеті, онсыз олар «мүдделер клубына» айналып кетеді. 2012 жылғы сайлаудан кейін партиядағы Парламенттік фракциясының барлық жұмысы өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған болатын», - деп атап көрсетті өз сөзінде.

 «Ақ жол» ҚДП 35 үміткердің тізімін шығарды.

1.Абсатиров Кеңес Ғарапұлы

Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры

 

2.Айтбай Қайрат Орынбайұлы

Тараз металлургия зауыты басқарама төрағасының орынбасары

 

3.Арынғазин Руслан Абайұлы

«Павлодарский трубопрокатный зауыты» ЖШС Директоры

 

4.Атабаев Әсет Асанбайұлы

“Kazakhstan Petrochemical Industries” LLP Басқарушы директоры

 

5.Әбілдаев Азамат Рахатұлы

Құрылыс материалдарын өндірушілер одағының Президенті, ҚР Парламент мәжілісінің V шақырылымының депутаты

 

6.Барлыбаев Ерлан Хайланұлы

«Экибастузэлектросеть» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары

 

7.Васильев Дмитрий Владимирович

«КазАвтобусПром» бірлескен кәсіпорынның Бас директоры, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы

 

8.Доспаев  Жаңбырбай Сұлтанұлы

«Султан» ЖШС Бас директоры, Маңғыстау аймақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры

 

9.Дюсембинов Берік Сәлімжанұлы

«Ақ жол» ҚДП орталық Кеңесінің Хатшысы

 

10.Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы

Қазақстан құрылысшылар Одағының Президенті,  ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты

 

11.Ерубаев Серік Сәрсенұлы

«Атырау Констракшн Сервисез ЛТД» ЖШС Бас директоры

 

12.Еспаева Дания Мәдиқызы

«Казкоммерцбанк»» АҚ Ақтөбе филиалының директоры

 

13.Жазылбеков Нұрлан Әбдіжапарұлы

ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты

 

14.Жандосова  Жанар Санжарқызы

«Сандж» зерттеу орталығының директоры, ҚР алғашқы жемқорлыққа қарсы «Transparency-Казахстан» қорының бастаушысы

 

15.Жұтаев Махаббат Сағынбайұлы

«Ақ жол» ҚДП Қостанай облыстық филиалының төрағасы, ЖШС «Күйдірілген газ базасы»

 

16.Иса Қазыбек Жарылқасынұлы

«Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары

 

17.Қадралиева Светлана Хайдарқызы

ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты

 

18.Қазбекова  Меруерт  Айтқажықызы

Қазақстан әйел кәсіпкерлері одағының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты

 

19.Кемеңгер Қайырбек Ризабекұлы

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті

 

20.Кинцель Евгений Юрьевич

«Закон и право» ЖШС директоры, «Ақ жол» ҚДП СҚО–ндағы қоғамдық қабылдаудың басшысы

 

21.Қожамбетов Азиз Есентайұлы

Кәсіпкер, Қызылорда қ.

 

22.Линник Андрей Григорьевич

«Ақ жол» ҚДП партиялық комиссиясының төрағасы, «Форпост» ЖШС бас директоры  

 

23.Льянов  Хаджи-Мурат Магомедұлы

«Горно – обогатительный комбинат «Төрт Құдық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

 

24.Мерғалиева Лилия Игоревна

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік университеті экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі, профессор.

 

25.Момышев Болат Амангелдіұлы

«Фабрика ПОШ – Тараз» ЖШС директоры, «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстқы филиалының төрағасы

 

26.Никитинская Екатерина Сергеевна

ҚР қаржы және салық кеңесі палатасының төрағасы, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты

 

27.Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы

Ұлттық зерттеу инситутының директоры

 

28.Орман Анарбек Оңғарұлы

«Водные ресурсы – Маркетинг» ЖШС бас директоры,  «Ақжол» ҚДП төрағасының орынбасары,

«Ақжол» ҚДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы

 

29.Перуашев Азат Тұрлыбекұлы

«Ақ жол» ҚДП төрағасы

 

30.Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы

«MabexTradeLTD» ЖШС Бас директоры

 

31.Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы

«Акмолинский вагоноремонтный завод» АҚ директоры, «Ақжол» ҚДП Астана қалалық филиалы төрағасы

 

32.Сұлтанов Әбдіразақ  Кенжебекұлы

«Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің хатшысы

 

33.Тәшенов Серікбай Тұрсынбайұлы

«BI Group» холдингі жоба жетекшісі

 

34.Тоқтаров Олжас Тәңірбергенұлы

«Банк Астаны» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

 

35.Тұртаев Алмас Ұзақұлы

ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты