Мәслихат депутаттығына үміткер Ф. Константинов өз сайлаушыларымен кездесті.
Бүгін «Ақ жол» партиясының сайлауалды штаб мүшеcі, Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Федор Константинов өз сайлаушыларымен кездесті. Алматы секілді үлкен шаһарды көркейтіп, абаттандыру және жергілікті тұрғындарға көмек көрсету сияқты жоспарын жиналған көпшілікке айтып берді. Жиын соңында сайлау учаскелерін бекітіп, сайлау науқанына азаматтардың белсенді қатысып, өз таңдауларын жасау керектігін тілге тиек етті.
«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының
баспасөз қызметі