Азат Перуашев «АКБ» Қайнар» аккумулятор зауытының ұжымымен кездесті
2016 жыл 23 ақпан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Өзінің сайлауал
ды үгіт-насихат іс-сапарымен Алматы облысына ат басын бұрған Азат Перуашев Талдықорған қаласындағы «АКБ» Қайнар» аккумулятор зауытының ұжымымен кездесті. Сонымен бірге кездесуге партия төрағасының орынбасары Қ.Иса, Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты Н.Жазылбеков, партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Д.Васильев, облыстағы партия белсенділері және филиал төрағасы М.Шынасыловалар келді.
«Ақ жол» партиясына аймақтардағы кәсіпкерлер сенім білдіреді» ,- деді кездесуде сөз алған «Қайнар» зауытының президенті Қуаныш Ажмағамбетов. Ол 2013 жылдың басында фракция жетекшісінің Бас прокротура мен Кеден комитетіне кәсіпкерлердің мүддесін қорғап депутатыттық сауал жолдағанын еске түсіріп, сол уақытта «Қайнар» зауыты бос қойма болып қалмай, өнім өндіру көлемін ұлғайтып, жұмыс орынын сақтап қалғанына көмегі тигенін атап өтті.
«Бүгінгі дағдарыс жағдайында көптеген кәсіпкерлер айналымдағы қаражаттарын жоғалтып, біршама шығынға ұшырауда. Ал «Қайнар» зауытының 2016 жылғы жасасқан келісімшарттары өткен жылға қарағанда 2 есеге артып отыр. Кәсіпорын өнімінің 70 пайызы Ресейге, ал 10 пайыз басқа да шет мемлекеттерге экспортталуда.
Кәсіпорын өндіріс қуатын ұлғайтып, жұмыс орындарын арттырды. 2016 жылдың басынан бастап зауыт жұмысшыларының еңбекақысы 14 пайызға өсті. Бұл зауыттың техникалық қайта жарақтандыруының және мемлекеттік органдардың «заңсыз импортқа» қарсы іс-қимылының арқасында мүмкін болды. Бұл жетістіктерге «Ақ жолдың» толық қолдауында жеттік», - деп атап көрсетті зауыт басышысы Қ.Ажмағамбетов.
«Қайнар» - ЕАЭО жағдайындағы адал бәсекелестіктің табысты мысалы. Девальвация – біздің экономикамыздың шикізатқа тәуелділігінің нәтижесінен туындап отыр. Ал «Қайнар» сияқты дайын өнім өндіретін кәсіпорындар бізге ауадай қажет. Сонда ғана экономикамыз долларға тәуелді болмайды»,- деді Азат Перуашев өз сөзінде.
Ол сондай-ақ, «Ақ жол» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – елімізде либералды бизнес жағдайын қалыптастырып, экономикамыздың бәсекеге қаблеттілігін арттыру екендігін атап көрсетті.
Кездесу соңында партия жетекшісі «Ақ жол» партиясының отандық өнім өндірушілерді қолдау жұмыстарын жалғастыра беретінін айтты.