Азаматтардың шағымдары назардан тыс қалмайды
2016 жылы 23 ақпанда Талдықорған қаласындағы «Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалында ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының экс депутаты Н.Жазылбеков қоғамдық қабылдауын өткізді. Қоғамдық қабылдауға түрлі мәселелермен келген азаматтар өз шағымдарын жеткізіп, тұшымды жауап алды.
Тұрсынбай Әубәкіров Жаркент қаласынан өнер мектебін ашу жайындағы сұрақтарын ортаға салса, Талдықорған қаласының тұрғыны Қабдеш Қадыров өз баласының заңсыз сотталғандығы жайында арыз - шағымын жеткізді. Бұл мәселе бойынша «Ақ жол» Демократиялық партиясы шағымданған азаматқа заңдық кеңес беріп, қөмектесетін жеткізді. Бірнеше азамат мемлекеттік бағдарлама бойынша өз кәсібін ашып, мемлекет тарапынан қалай жеңілдіктер алуға болатыны туралы сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алып қайтты.
Кездесу соңында Н.Жазылбеков тұрғындардың көкейтесті мәселелерінің барлығы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.