24
Ақпан

Санат жоқ 24.02.2016

«Ақжолдықтар» аймақтарда

Көкшетау қаласындағы қазақ педагогикалық колледжінде аталған оқу ұжымымен Парламент Мәжілісіне депутатыққа үміткер Кемеңгер Қайырбекпен кездесу өтті. 
Кездесуге екі жүздей адам қатысып,сұрақ алмасу мен пікірталас болды.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген депутаттыққа үміткер «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасын сөз етіп, басты басымдылықтарға тоқталды.





Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының тізімімен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер, Ұлттық зерттеулер институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов Оңтүстік Қазақстан облысындағы іс сапарын облыс орталығы Шымкент қаласынан бастады. Ол «Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар» колледжінде қала тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Б.Нұрмұхамедов партияның сайлауалды бағдарламасымен көпшілікті таныстырып өтіп, кездесуге қатысқандардың әлеуметтік, нарықтық, қазіргі әлемдік саяси мәселелер туралы сұрақтарына жауап берді.



«Ақ жол» партиясының Президиум мүшесі, Ұлттық зерттеулер институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов Төлеби ауданы Көксаек елді мекеніндегі аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді. Аурухана ұжымы үлкен, 200-ден аса білікті дәрігер-мамандар жергілікті тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Кездесу барысында Б.Нұрмұхамедов «Ақ жол» партиясының ҚР Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымында атқарған жұмыстарына шолу жасап, елеулі еңбектеріне тоқтала отырып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Сонымен бірге қазіргі әлеуметтік-саяси жағдайларға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.



«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына арналған шара өтті. Бұл басқосуға партияның белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты. Алдағы сайлауға үгіт-насихат жұмыстарының басталуына орай Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Меруерт Қазбекова қатысып, саяси науқанның жай-жапсары жайлы айтып берді.
«Біз үшін үгіт-насихат жұмыстары осыдан төрт жыл бұрын басталған еді,– деді ол. Себебі, «ақжолдықтар» өткен сайлауда парламенттік фракцияға өтісімен өз бағдарламаларына орай жұмысты жандандырған еді.»
Сонымен бірге, жергілікті мәслихаттарға ұсынылған кандидаттардың да үгіт-насихат жұмыстарын қалай жүргізуі керектігі кеңінен сөз болды. Партияның атына кір келтірмей, қайта оның беделін көтеру жайы да ауызға алынды.
Ақмола облыстық филиалы штабының жетекшісі Жеңіс Темірхан осы күнге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Үгіт-насихат жұмыстарын ширатуға қатысты да пікірлер айтылды. Осы шараға арнайы келген қала тұрғындарының қатарында «Ақ жол» партиясы атынан сайлау учаскелерінде байқаушы болып қатысуға тілек білдіргендер де табылды.
Облыстық филиал төрағасы Серік Бейсембаев шараны қорытындылып, партияластарына алдағы сайлауда биіктен көрінуге тілектестігін білдірді.