Бүгін «Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер Н. Жазылбеков пен Д. Васильев Талдықорған қаласындағы «Зире» диагностикалық стационарда болып, аталған мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл – қазіргі заманғы әдістермен жұмыс істейтін, жаңа құрылғылармен жабдықталған стационар. Емдеу мекемесінен Талдықорған өңірі ғана емес, Жамбыл, Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары да емдеуден өтеді. Оларға кәсібі біліктілігі жоғарғы 80 адам қызмет етеді. Жиналғандар алдында сөз алған депутаттыққа үміткерлер «Ақ жол»партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың түрлі сауалдарына жауап берді.