26
Ақпан

«Ақжолдықтар» Ақтөбеде

2016 жылғы 26 ақпанда, сағат жергілікті уақытпен 14-00 де, Ақтөбе қаласында, «КТЭМ» (КазТеплоЭнергоМонтаж) зауытында, Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығынан үміткер Азат Тұрлыбекұлы Перуашевтың Ақтөбе облысы сайлаушыларымен кездесуі болды. Кездесу барысында, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-сы төраға орынбасары Казбек Иса, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-сының Орталық Кеңес хатшысы Берик Салимжанулы Дюсембинов, Ақтөбе облысынанҚазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына үміткер Дания Мәдиқызы Еспаева, Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Жанбырбай Сұлтанұлы Доспаев, «Атырау Констракшн сервисез ЛТД» ЖШС-ның бас директоры Серик Сарсенулы Ерубаев және тағы да басқа азаматтар қатысты…



Партия жетекшісі А.Перуашев, «АҚ ЖОЛ» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен алдағы уақыттағы жоспарлары туралы айтты. Қазбек Иса А.Байтұрсыновтың, «сауатты болу үшін оқуымыз керек, бай болуымыз үшін кәсіппен айналысуымыз керек ал, мықты болу үшін, ауызбіршілігіміз мықты болу керек» деген қанаттты сөздерін еске салып, «АҚ ЖОЛ» Туы астында бірігуге шақырды. Зауыт жұмысшылары «АҚ ЖОЛҒА» алдағы сайлауда сәттілік тіледі.






«АҚ ЖОЛ» ҚДП-сының Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі