Алматыдағы Қоғамдық қабылдау
Бүгін Алматы қаласында «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабының мүшелері Н.Жазылбеков, Е.Барлыбаев, А.Линниктер қоғамдық қабылдау өткізді. Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлердің қабылдауына келгендердің дені негізінен банкке борышкерлер болды.
Мысалға, Т.Құдайбергенова 2006 жылы «Альянс» банктен 11 мың доллар несие алып, оны қайта есептете алмай жүрген. Қала тұрғыны А.Есбаеваның да келген мәселесі осыған ұқсас. Борышкер А.Жұмашев та «Каспи банк» алдындағы қарызын өтей алмай жүргендігін, оған партия өкілдерінің кеңес беруін өтінді. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауға келген Л.Әлімбекова, С.Нұровалар да өздерін мазалап жүрген мәселелерді штаб мүшелеріне баяндап берді.
Қоғамдық қабылдауға келген аталған азаматтарға заңгерлік кеңестер айтылып, кейбіреулерінің мәселелеріне
Парламент Мәжілісіне депутаттығына үміткер Н.Жазылбеков жеке өзі араласып, көмек беруге уәде берді.