29
Ақпан

Санат жоқ 29.02.2016

Білім саласы – біздің назарда!

 
           2016 жыл 29 ақпан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Бүгін Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат шараларының аясында Қазақ технология және бизнес университетінің ұжымымен кездесті. Аталған шараға сондай-ақ,  Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер – Мақсат Раманқұлов, Қайырбек Кемеңгер, Әсет Атабаев және «Ақ жол» партиясының қалалық филиалының басшылығы қатысты.

«Ақ жол» партиясы ҚазТБУ –дың оқытушылары және студенттерімен 2011 жылғы сайлау науқанынан бері достық байланыста. Бұл оқу орнының ұжымы партияның көптеген шараларына белсенді қатысқан.



«Маған университеттің бүгінгі жағдайы, студенттердің қалай өмір сүріп жатқаны қашан да өте қызық; - деп бастады кездесуді Азат Перуашев. – Біздің саяси және сайлауалды бағдарламаларымызда дәл осы экономикамызға қажет кадрларды даярлау мәселесіне өте үлкен назар аударылады». Ол сондай-ақ, фракцияның білім беру, гранттарды әділ бөлу, оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыру және т.б, сауалдарынан мысалдар келтірді.


«2013 жылдың наурыз айында Білім министрлігінің бір ғана аймақтан басқа жерлерде жеке меншік жоғары оқу орындарын жабу жөніндегі бастамасына жауап ретінде біз Білім министріне жеке меншік оқу орындарын жабудың орнына, білімнің сапасымен айналысу керек деген талап қойдық, - деп еске түсірді Перуашев. – Былтыр біз мемлекеттік аттестцияның орынына жоғары оқу орындарының тәуелсіз аккредитация институтын сақтап қалуға атсалыстық. Мұны да сол министрлік өткізбек болған. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады».

«Ақ жолдың» жетекшісі партияның «Ақ жол – еңбек етер кез келді» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берді. Мұнан соң оқытушылар мен студенттер партияның алға қойған мақсаттары, жастарды қолдау, оларды жұмысқа орналастыру жөнінде өздерінің көптеген сауалдарын қойды.

Сайлауалды штабының мүшелері қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Фотогалерея