29
Ақпан

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихатшылар тобы Жамбыл облысында сайлаушылармен кездесу өткізді

2016 жыл 27 ақпан, «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы
 
 «Ақ жол» партиясының үгіт-насихатшылар тобы Жамбыл облысында сайлаушылармен кездесу өткізді. Аталған кездесуге партияның сайлауалды штаб мүшелері, Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Қайрат Айтбай, Болат Момышев және партия белсенділері қатысты.


«Ақжолдықтар» «ПОШ-Тараз» фабрикасының өндіріс ошағымен танысып, одан кейін Тараз металлургия зауытының ұжымымен кездесті. Үгіт-насихатшылар тобының жартысы Жаңатас Сарысу ауданына аттанды.

         Кездесу барысында К.Айтбай және Б.Момышевтар сайлаушыларға «АҚ ЖОЛ – ЕҢБЕК ЕТЕР КЕЗ КЕЛДІ» атты партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ, үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген негізгі міндеттерді жүзеге асыру туралы жоспарларымен де бөлісті.

Үміткерлер кездесуге келген азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Сайлаушылар алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап, «Ақ жолға» қолдау білдіретіндерін жеткізді.