01
Наурыз

Санат жоқ 01.03.2016

Каспий жағалауындағы кеш

Осыдан бір жыл бұрын Маңғыстау өлкесінде «Ақ Жол» демократиялық партиясының жанынан жастар қанаты құрылған болатын. Қазіргі уақытта қанатын кеңге жайып, 150-ден аса белсенді жастардың басын біріктіріп отыр. Жиырма екі бағытта жұмыс жасап, болашақ еліміздің ертеңі болатын жастар тәрбиелеп отырған облыстың бірі. Жақында «Ақ Жол-Жастар» Маңғыстау жастар қанаты  бір жылдық мерейтой қарсаңында апталық өткізді.


Аталған шараның қорытынды кешіне партияның облыстық филиалының жетекшісі Ж.Матаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. КЕШТЕ «Ақ жол» партиясының төрағасы А.Перуашевтің бейнеқұттықтауы көрсетілді. Сондай-ақ, облыстық әкімшіліктің, қоғамдық ұйымдардың, жоғарғы оқу орындарының және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері жас ұйымға ақ тілектерін жаудырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Ал, шараға арнайы келген «Ақ Жол-Жастар» Алматы жастар қанатының жетекшісі Назерке Шарападдин әріптестерінің бір жылда атқарған жұмыстарының өздеріне үлгі боларлықтай екенін атап өтіп, болашаққа бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Мерекелік кешке жиналғандар енді мұндай шараларды болашақта басқа қалаларда да бірлесіп өткізуге шешім қабылдады.