Мұнайшыларды толғантқан сауалдарға жауап берілді
2016 жыл 1 наурыз «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер - А.Тұртаев пен А.Қожамбетов Қызылорда облысындағы «Торғай Петролеум» АҚ мен «Бастау-S» кәсіпорнының газ және мұнай өндіру кенішінде болып, аталмыш өндіріс орындарының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында үміткерлер өткен Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының атқарған елеулі еңбектері мен партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып өтті. Сонымен қатар кездесуге қатысқан кеніш жұмысшылары қазіргі нарықтағы мұнай мен газ бағамына байланысты, зейнетақы мәселесі туралы және тағы басқа да әлеуметтік жағдайларға қатысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесуге қатысушылар үміткерлерге алдағы сайлау науқанында сәттілік тілеп, «Ақ жол» партиясының жұмыстары көңілдеріне қонатындығын айтты.