01
Наурыз

Отандық өндірушілермен кездесті

2016 жылы 1 наурызда Өскемен қаласында «Ақ жол» партиясының жетекшісі А.Перуашев және Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Қ.Иса, Ә.Сұлтанов, Б.Дүйсембиновтер «СелуинВосток» компаниялар тобына кіретін мұнай-газ саласы үшін арматура өндіретін және комуналды халық шаруашылығы саласындағы отандық өндіріс ошағы «КазРосПромАрматура» және «УльбаЭлектро» кәсіпорындарының еңбек ұжымымен кездесті.



Кездесу барысында А.Перуашев  «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі мақсаттар туралы айтып берді.



Аталған өндіріс орнының директоры бұндай кәсіпорындар өндірісте және өзінің өнімдерін шығаруда қандай заңнамалар мен экономикалық мәселелерге тап келетінімен халық қалаулыларының таныс екендігі туралы айтты.



Сонымен қатар, Қазақстанның ДСҰ –ына қатысу кезінде отандық өндірушілерді қолдау, қазақстандық үлестің дұрыс есептелуі, жергілікті атқарушы билік орындарының қазақстандық өнімді тұтыну бойынша қолдауы және ТКШ мен жылу энергетикасы сияқты мәселелер талқыланды.