Мәселелер шешімін табады
Бүгін «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабының мүшелері Н.Жазылбеков, Д. Васильев, Қ.Айтбай және партия белсенділері Алматы қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі - «Темірбетон -1» кәсіпорын жұмысшыларымен жүздесіп, өндіріс ошағымен танысты.
Өз сайлаушыларына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын, соның ішінде маңызды міндеттерді жүзеге асыру туралы жоспарларымен де бөлісті. Үміткерлер жиналған жұмысшылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта аталған мәселелердің шешімін табатындығына сендірді.
Жиналған жұмысшылар сайлауға белсенді қатысып, «Ақ жолға» қолдау білдіретіндерін жеткізді.