03
Наурыз

Санат жоқ 03.03.2016

Партиялардың сайлауалды бағдарламарындағы дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды

Алматыда «Кипр» сарапшылар тобы мен Ф. Эберт атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен партиялардың сайлауалды бағдарламарындағы дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды. Оған еліміздегі сайлауға қатысып жатқан партиялардың өкілдері қатысты. «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан келген Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ж. Джандосова өз партиясының бағдараламасындағы дағдарысқа қарсы шараларға байланысты бағыттарға тоқталып, жиналғандарға толыққанды мәлімет берді. Дағдарыстың экономика мен әлеуметтік салаға тигізетін әсері, баға мен тарифтердің көтерілуі және оларға қарсы шаралар кеңінен сөз болды.


Аталған шараға «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабының мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер – Н.Жазылбеков пен Д.Васильевтер де  қатысты.