«Ақ жол» партиясының үміткерлері Сыр бойылық кәсіпкерлермен бірге
2016 жылдың 03 наурызында «Ақ жол» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер - А.Тұртаев пен А.Қожамбетов «Сыр бойы» кәсіпкерлерді қолдау қауымдастығы өкілдерімен және аймақта жұмыс жасап жатқан бірқатар кәсіп иелерімен «Ақ жол» ҚДП-ның Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында бас қосты. Үміткерлер кездесуге келген бизнес өкілдерін «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - «Бизнесті қорғау және кәсіпкерлікке бұқаралық сипат беру» деп аталатын бөлімге кеңінен тоқталды және «Ақ жол» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер таныстырды.
«Ақ жол» партиясы әрдайым жеке меншікті, ең алдымен, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдауды табанды түрде жақтап келеді және әрі қарай да жақтайды» - деп атап көрсетті А.Тұртаев.
Кездесу барысында кәсіпкерлер салық салуды оңтайландыру, кәсіпкерлікке мемлекеттік органдар тарапынан тексерулерді азайту, аймақтағы бизнесті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесінің кемшіліктері жөнінде және т.б. сұрақтар мен өздерінің келелі ұсыныстарын ортаға салды. Осы тарапта, А.Қожамбетов партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша тиісті рәсімдерді барынша ашықтығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдардың назарын делдалдарға емес, белгілі бір тауарлар мен қызметтерді тікелей өндірушілерге аудару керектігін айтты.
Сыр бойылық кәсіпкерлер «Ақ жол» партиясының сайлауда жеңіске жетуіне тілек білдіріп, қолдайтындықтарын айтты.
«Ақ жол» - Қызылорда баспасөз қызметі