Сапқа тұрған командалардың салтанатты шеруін байырғы спортшы, еліміздің еңбегі сіңген спорт қайраткері Құмарғали Досов басқарды. Сөйтіп, спорт жарысы басталып та кетті. Текетіреске түскен командалар бір-бірін қалай еңсерудің қамына кірісті. Теңбіл доп әлсін-әлсін қақпаға дарып, бірі жеңіліп, бірі жеңістің тойын тойлады.
Командалар қатарында «ақжолдықтардың» да футболшылары бақтарын сынады. Жүзден жүйрік озған бұл жарыста ең көп ұпай жинаған «Арлан» және «Ақжол» командалары үшінші орын үшін таласты. Тартысты өткен бұл ойында «ақжолдықтар» жеңіске қол жеткізсе, ал, бас жүлде үшін «Фортуна» және «Марат-Бақыт» командалары өзара бақ сынасты. Сонымен «Марат-Бақыт» командасы кубок жеңімпазы деп танылды.Жүлдегерлерге арнайы дайындалған дипломдар табыс етілді. Санжар Смағұл жарыстың ең үздік ойыншысы атағына ие болды. Жарыс «Империя воркаут Көкшетау» спортшыларының өнер көрсетуімен де айшықтала түсті.
«Ақжолдықтардың» спорт шарасын өткізу арқылы насихат жұмысын қолға алғаны қуантады. Алдағы уақытта ұжымдардағы кездесулерді жалғастыру көзделіп отыр.
«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы.