04
Наурыз

Санат жоқ 04.03.2016

«Ақжолдықтар» аспантаулар аясында

3 наурыз 2016 жыл
 
«Ақ жол» партиясынан ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Нұрлан Жазылбеков Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылында сайлаушылармен кездесті.



Кездесу аудандық Мәдениет үйінде өтті. Н.Жазылбеков өзінің баяндамасында V шақырылымдағы Парламенттегі «Ақ жол» партиясы фракциясының қызметіне тоқталып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ол сондай-ақ ауылдағы жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту және ауылдың инфрақұрылымдарын қалпына келтіру мен дамыту мәселелеріне баса назар аударды.



Кездесу соңында Н.Жазылбеков сайлаушылардың сауалына жауап берді. Сайлаушыларды негізінен ауданды газдандыру және жолдардың сапасыздығы алаңдатады. Депутаттыққа үміткер бұл сауалдарға «биыл Көлсай-Алматы жолының құрылысы басталады, өйткені Райымбек ауданы бұрыннан Республиканың туристік аймақтарының бірі болған және болып қала береді» деді. Барлық сауалдарға жауап берген соң, Н.Жазылбеков сайлаушыларды алдағы мерекелермен кұттықтады.



Сондай-ақ келесі күні Н.Жазылбеков аталған облыстың Жаркент қаласында болып, «Универсал» ЖШС-ның ұжымымен кездесу өткізді.



«Универсал» зауытының басшысы З.Кузиев өз кәсіпорының жұмысымен таныстырып, келешектегі жоспарларымен бөлісті. Депутаттыққа үміткер Н.Жазылбеков өткен фракцияның жұмысы жайлы баяндап, «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.



Кездесу соңында Нұрлан Жазылбеков зауыттың жұмысшыларына жетістіктер тіледі.