05
Наурыз

Санат жоқ 05.03.2016

Қызылорда жастары үміткерлерге сәттілік тіледі

2016 жылдың 04 наурызында «Ақ жол» ҚДП-ның Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында «Ақ жол» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер  - Алмас Тұртаев, Азиз Қожамбетов және Бөріхан Нұрмұхамедовтер Қызылорда қаласында жоғары және орта оқу орындарында білім алып жатқан студенттер мен жас оқытушылар, банк қызметкерлері мен магистранттардан құрылған жас буын өкілдерімен кездесті.



А. Тұртаев жастарға «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырумен қатар, кәсіпкерлікті, нарықтық реформаларды, білім, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту жүйесінің және рухани-мәдени саланы дамытудың өзекті мәселелеріне тоқталып өтті.



Б. Нұрмұхамедов партияның бағдарламасында көрсетілгендей, жастарға жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарында кәсіби-техникалық бағдар беру пәнін енгізу туралы, мемлекеттік гранттар есебінен оқыған колледж түлектерінің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етудің маңызды екендігін айтып өтсе, А. Қожамбетов өз кезегінде, қоғамдық жұмыстар практикасын жетілдіру мен «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» деп аталатын тұрғындарды мемлекет тарапынан қорғау керектігін айтты.


Кездесуге келген жастар үміткерлерге сұрақ қоюмен ғана шектелмей, өз ой-пікірлерін де ортаға салды. Соның ішінде, Алмас Тұртаевқа ҚР 'Мемлекеттік жастар саясаты туралы'Заңының қабылдануы барысында атқарған еңбегі үшін алғыстарын білдірді. Кездесу соңында алған рухани әсерлері мен толыққанды ақпараттары үшін жастар «Ақ жол» партиясы мен үміткерлерге ризашылықтарын білдіріп, саяси додада жеңіске жетулеріне сәттілік тіледі.

 

 «Ақ жол» - Қызылорда баспасөз қызметі