«Идеялар жәрмеңкесі» стартап жобалар конкурсы өткізілді
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Бүгін Алматы қаласындағы «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Ақ жол» партиясы Республикалық сайлауалды штабы бірлесе отырып, «Идеялар жәрмеңкесі» стартап жобалар конкурсын өткізді. Бұл жиынға «Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Нұрлан Жазылбеков, партияның белсенділері және студенттер қатысты.
Іскерлік кездесуінде «Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Нұрлан Жазылбеков студенттерге партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын айтып, оларға кәсіпті бастау және ілгері дамыту жолдарын айқындайтын сараптамалық кеңестер мен іс жүргізу шеберліктерін түсіндірді.
Партия белсендісі Алма Нургужаева баршаға ортақ стратегиялық мақсаттарды табысты жүзеге асыру үшін «Ақ жол» партиясы өзінің сайлауалды тұғырнамасында қамтылған көптеген экономикалық заң жобаларының қабылдануына күш салумен қатар, қоғамда кәсіптік сауаттылықтың артуына жаңа леп қосатынын жеткізді.
Кездесу барысында «Ақ жол» партиясының қолданыстағы салықтық, әкімшілік және инвестициялық заңнамаларға бірқатар өзгерістер енгізуді ұсыну және жеке бизнестің белсенділігін ынталандырып, олардың экономика мен әлеуметтік саланы дамытуына іскерлік мүмкіндіктер туғызу жолдарын кеңейтуге баса назар аударатыны айтылды.
Шараға жиналған студенттерге шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде, жас кәсіпкерлердің жаңа бастамаларына қолдау көрсету туралы кеңінен талқыланды.