07
Наурыз

Санат жоқ 07.03.2016

Кеден бекетіндегі кездесу

Әйелдер мереке қарсаңында Мәжіліс депутаттығына үміткер Нұрлан Жазылбеков «Қорғас» кедендік бақылау бекетінің кеденшілерімен кездесті.



Қазақстан мен Қытай арасындағы аса ірі бақылау, тексеру нысаны болып табылатын бұл бекетте де үміткерге қойылған өткір сауалдар аз болған жоқ. Соның бірі  - шекарада қызмет етіп жатқан кеденшілердің тұрғын үй мәселесі. Олардың көпшілігі аядай бөлмелерде тұрып жатыр. Н.Жазылбеков бұл мәселені тиісті жерлерге жеткізетінін айтты. Кеденшілер сондай-ақ шекара бойындағы бекетке байланысты басқа да түйткілді мәселелерге байланысты сауалдарына толымды жауаптар алды.


Н.Жазылбеков кездесу соңында «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасы жайлы кеденшілерге баяндап берді.