«Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалының сайлауалды штабының оңтайлы тобы үгіт-насихат шаралары аясында «Таңдауды бізбен бірге жасаңыздар» акциясын өткізді. Олар Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Тереңөзек аудандарында болып, аудан және ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесулерде сайлаушылар «Ақ жол» партиясының саяси додада жеңіске жететіндігіне сенетіндіктерін айтып, өз дауыстарын осы партияға беретіндіктерін айтып жатты. Партияның ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттығына үміткерлерінің тізіміне мемлекетіміздің, еліміздің алға жылжуына үлес қосып, ат салысатын жастардың да бар екендігіне, өз ісінің білгірлері мен мамандарының ұсынылғандығына ризашылықтарын білдірді.