Ол экономика, саясат жайлы айта келіп, партия бағдарламасындағы денсаулық мәселесі жөнінде де ой қозғады. Әсіресе, осы заманғы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және емхана орындарын осы заманғы құралдармен жабдықтау аса қажет екенін баса айтылды. Меруерт Қазбекова аталған ауруханада бұрнағы жылдары да болған еді. Мысалы, өткен жылдары томограф құрал-жабдығын облыс орталығындағы емдеу орнына емес, тұрғыны қалаға қарағанда аз ауданның біріне жібергені де дұрыс емес.
Жалпа, медицина саласына мемлекеттік қолдау қажет. Бұл ретте барлық медицина қызметкерлеріне жалға берілетін пәтерлер қызмет істеген жылдарына толықтай бөлінуі де маңызды болып табылады. Үйі жоқ дәрігер өз қызметін қалай еш мұң-мұқтажсыз атқара алады.
Әрине, тұрғын үйлер салынбай жатқан жоқ. Салынуда, бірақ, оның өте жетімсіз екенін жоққа шығаруға болмайды. Әлеуметтік қамқорлық жайы да назардан тыс қалмауға тиіс.
Меруерт Қазбекова «Ақ жол» партиясының жалпы ұстанып отырған ұстанымдары жайлы да пікір білдірді. Оның ішінде бизнесті қорғау, өнімді экономиканы құру, жұмыспен қамту жүйесін дамыту, агроөнеркәсіп кешенін өркендету және тағы басқа мәселелер кеңінен әңгіме өзегіне айналды. Кездесу өзінің тартымдылығымен есте қалды. Сайлау науқаны жанданған сәтте бұл саяси оқиғадан ешкім сырт қалмауы тиіс. Ақжолдықтар да өздерінің белсенді жұмыстарын жалғастыратын болады.
«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы.