Аяғынан мүгедек осы бір жан кезінде Германияда көп жыл тұрып келген еді. Бірақ, қазақ еліне деген сағыныш оның осында оралуына себеп болды. Өзі мүгедек болса да, өмірден түңілмей, кәсіп ашып, іске кірісті. Алғашқы бетте аяққа оралғы болған жайлар да шаш етектен еді. Кейін ол жұмыс ырғағын ұршықтай үйіріп әкетті. Осылай Көкшетау қаласында техника жөндейтін цех ашты.
Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Меруерт Қазбекова осы шағын кәсіпкерлік нысанында болып, оның жұмысымен танысты. Бір айтарлығы, кәсіпкер жігіт мұнда өзі сияқты мүгедек жандарға жұмыс тауып беріп отыр екен. Цехта бір сәтке де жұмыс толастамайды. Оны «ақжолдықтар» да аңғарып қалды.