Ел мүддесі сөз болды
Қазір барлық саяси партиялар қам-қаракетке еніп, өз бағдарламаларын елге жолдауда. «Ақжолдықтар» да атқа қонып, ел-елді аралап, өздерінің сайлауалды тұғырнамаларын ұсыну үстінде.
Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыкалық училищеде болған кездесуде осы жайлы әңгіме өрбіді. «Ақжолдықтардың» партиялық тізіміне енген, Мәжіліс депутаттығына үміткер Қайырбек Кемеңгер шәкірттер алдында сөйлеген сөзінде қазақ елінің бүгіні мен ертеңі жайлы жылы әңгіме қозғады. Партияның бағдарламасына шолу жасады. Сондай-ақ ол халқымыздың руханиятын биікке көтеру, дәстүр сабақтастығы, қазақ халқының тәуелсіздікке дейін жүріп өткен жолдары жайлы да кеңінен толғанды.
Көкшеліктер де оның қатысуымен өткен кездесулерде оған қолдау білдірді. Бұл оған ғана емес, «Ақ жол» партиясына жасалған құрмет деп түсінгеніміз абзал.
Жиналысты өткізіп, жүргізген Қайыргелді Исин келесі сөзді «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының орныбасары, белгілі журналист Бақыт Смағұлға бергенде ол да елдік жайлы сөз айтты. «Ақжолдықтар» елдің мүддесінен шығады деген тілекпен тарқасты жұрт.
«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы»