12
Наурыз

Санат жоқ 12.03.2016

Нарықтық экономика арқылы күшті де экономикасы дамыған мемлекет құрған ел ғана тәуелсіз бола алады

Бүгін үгіт-насихат шараларының аясында Мәжіліс депутаттығына үміткер Е.Никитинская Қарағандыда сайлаушылармен кездесті. Кездесу «Эргономика» ЖШС-ның конференц залында өтті. Сайлаушылардың арасында аталған ғылыми-өндіріс фирмасының кызметкерлері, қаладағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.


Е.Никитинская өз сөзін партияның сайлауалды бағдарламасы мен оның негізгі бағыттарын түсіндіруден бастады. Ол «нарықтық экономика арқылы күшті де экономикасы дамыған мемлекет құрған ел ғана тәуелсіз бола алады» деді. Е.Никитинская басқа да басым бағыттарға кеңірек тоқталды. Үміткердің мазмұнды ақпаратынан кейін негізінен экономикаға, зейнетақы жүйесінің проблемаларына, салықтық жүйеге, саяси-әлеуметтік салаға қатысты сауалдар қойылды.

         «Эргономиканың» қызметкерлерін энергожинақтау және экобақылау аспектілері қызықтырады екен. Бұл сауалдарға да толымды жауаптар берілді.