«Алматы ағашымен абатты» атты «Ақжолдың» сенбілігі
«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының сайлауалды штабының ұйымдастыруымен үгіт-насихат шаралары аясында жаппай ағаш отырғызу акциясы өтті. Сайлау науқаны қарсаңындағы бұл акцияның басты мақсаты - абаттандыру, көркейту жұмыстарын жүргізу. Бүгін«Алматы ағашымен абатты» атты көшеттерді отырғызу іс-шарасына «Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер Н.Жазылбеков, Д.Васильев пен қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ф. Константинов және партияның белсенділері қатысты. Олар бұл күні Бөгенбай батыр мен Шагабудинов көшелерінің қиылысында 50-ден астам «Шаған» ағаш көшеттерін егіп шықты.
«Бабаларымыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп тегін айтпаса керек. Өйткені, әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесіне саялап, кәдесіне жаратса оның өзі үлкен сауапты іс. Сонымен қатар, ағаштың экологиялық жағынан да өте маңызды іс. Сондықтан да мұндай шаралар кейінгі толқын жастарды табиғат ананы сүюге, оны аялауға тәрбиелейтіні анық» - деп, өз ойын үміткер Ф. Константинов жеткізді.
Фотогалерея