Бүгін олар партияның Ақмола облыстық филиалында «Қазақстан» ұлттық арнасының журналистеріне сұхбат берді. Онда алдағы саяси науқанның маңызы жайлы айтып берді. Халықтың өкілі ретінде барлық партияларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Елдің сенімінен шығу оңай да емес. Ақжолдықтар қарапайым адамдардың мұң-мұқтажын көтеріп, сол үшін бар күш-жігерлерін жұмсаймыз деп отыр.
Бұл сұхбатта осы жайлы әңгіме айтылды. Жеңіске жетудің жолы – халықтың сенімінен шығу. Ол үшін елдік істер қашанда саяси партияның басты мұратына айналуы тиіс. Сондықтан барша қауым бизнесті де қолдап, алаш көсемдерінің ұлттық мұраттарын насихаттауды мақсат етіп отырған «ақжолдықтарға» өз қолдауларын жасайтыны сөзсіз.