13
Наурыз

Санат жоқ 13.03.2016

«Ақжолдықтардың» Алатаудың бөктеріндегі велошеруі

Бүгін Алматыда «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалы сайлауалды штабының ұйымдастыруымен үгіт-насихат шаралары аясында велошеру өтті. Сайлау науқаны қарсаңындағы бұл акцияның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау.



Таңертеңнен белгіленген орыннан жолға шыққан олар Желтоқсан көшесі бойымен Әл-Фараби даңғылына көтеріліп, одан батысқа қарай жүріп отырып,  ҚР Тұңғыш Президенті саябағының алдында мәре сызығына жетті.



Велошеруге «Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер Н.Жазылбеков, А.Линник, Д.Васильев және партия белсенділері қатысты. Велошеруге атсалысқан 50 ден астам қала тұрғындары бұндай шаралардың жиі өткізіліп тұруына тоқталып, партия атына өз алғыстарын жеткізді.



«Бүгінгі спорттық игі шара саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталып отыр. Алматы – біртіндеп спорттық қалаға айналып келеді. Қаламызда бүгінде велосипед тебушілер қатары күн санап арта түсуде. Бұл қуанарлық жағдай. Енді әрбір алматылық азамат саламатты өмір салтын насихаттауға күш салады деген сенімдемін», - деді Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер А.Линник.