14
Наурыз

Санат жоқ 14.03.2016

Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Қайырбек Кемеңгер Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізді

Кездесуді аталған білім ордасының оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Ахметов ашып, оқытушылар мен студенттерге Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Қ.Кемеңгерді таныстырды.


К.Ахметов сайлау туралы қысқаша айтып өтіп, оған түсіп жатқан партияларға тоқталды. Жиналғандарға сайлауға қатысу, өз таңдауларын жасау – әрбір қазақстандықтардың азаматтық борышы екенін атап өтті.

Кездесу барысында Қ.Кемеңгер «Ақ жол – еңбектенер кез келді» атты партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарына тоқталды.

Шағын және орта бизнес өкілдерімен партияның тығыз қарым-қатынаста екенін айтты. Сонымен қатар, әрбір азаматтың мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін де білуі керектігі туралы да сөз қозғады. Сондай-ақ, «ақжолдық» үміткер студенттер мен оқытушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Студенттер өздерін мазалайтын – жұмысқа орналасу, білім алу және грант алу мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды. Олар барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алды.

Кездесу соңында «Қазақ үні» газеті мен партияның үгіт-насихат материалдары таратылды.