15
Наурыз

Санат жоқ 15.03.2016

«Ақжолдықтардың» оңтүстіктегі кездесулері жалғасуда

10.03.2016ж. сағат 17.00. Шардара ауданы. «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Шардара ауданы «Қызылқұм» ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу мәдениет үйінде өтті, оған 200 адам жиналды.

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының ҚР Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымында атқарған жұмыстарына шолу жасап, елеулі еңбектеріне тоқтала отырып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Содан соң ауыл тұрғындарының хал-жағдайымен, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесуге келгендер «Ақ жол» партиясының халықты толғандырып жүрген мәселелерді ылғи Үкіметке жеткізіп, халық сөзін сөйлейтін партия екендігін біліп те көріп те отырғандарын, сондықтан алдағы сайлауда халық жанашыры ретінде танылған  ақжолдықтарға сәттілік тіледі. 

11.03.2016ж. сағат 11.00. Арыс ауданы. «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Арыс қаласында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу мәдениет үйінде өтті, оған 350 адам жиналды.

 

Кездесуде Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының атқарған жұмыстарына шолу жасап, елеулі еңбектеріне тоқтала отырып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті.



Кездесуге келген жұрт қазіргі білім беру жүйесіндегі көңілге кірбің салар жайттар туралы айта келіп, БҰТ (бірыңғай ұлттық тест) тапсыру кезінде оқушы үлкен уайым, қобалжумен қоса «қулық» жасап өтіп кету, немесе «жолын жасап» өту сияқты жаман қасиеттерге үйренетіндігі, мұнан басқа сезімі, ой-өрісі жас балғынның намысқа шыдай алмай өзіне-өзі қол жұмсаған жағдайларына апарып соқтыратындығы, мұндай жағдайлардың жер-жерде орын алғандығы туралы БАҚ-да жарияланып жатқандығы айтылып, осы БҰТ-ті жою туралы халық өтінішін Үкіметке жеткізуді өтінді. Сонымен қатар, мектептерде кәсіптік білім беру сабақтарын қысқартып жібергендіктерін, мұның зияны көп деп есептейтіндіктерін, керісінше кәсіби білім беру сабақтарын көбейтіп, бала мектеп бітіргенде белгілі бір кәсіпке бейімделіп шығатындай жағдай жасаса өте оңды болатындығы айтылды. Кездесу мағыналы пікірталаста өтті.



11.03.2016ж. сағат 16.00. Отырар ауданы.  «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Отырар ауданының орталығы Шәуілдір елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу мәдениет үйінде өтті, оған 150 адам жиналды.

Кездесуде Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының атқарған жұмыстарына шолу жасап, елеулі еңбектеріне тоқтала отырып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті.

 

Аудан тұрғындары «Ақ жол» партиясының жұмысына көңілі толатындықтан, оған сенім білдіріп, сәттілік тіледі.