Ақ жолдықтардың өкілімен кезесуге мектепке 200-ден аса қала тұрғындары жиналды. Кездесу барысында Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының ҚР Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымында атқарған жұмыстарына шолу жасап, елеулі еңбектеріне тоқтала отырып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Сонымен бірге қазіргі әлеуметтік-саяси жағдайларға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Қала тұрғындары өздерін толғандырып жүрген келелі мәселелердің бірі – мектеп оқушыларының ұялы телефонға тәуелді болып кеткендігі, мұндай тәуелділік талай оқушының тәрбиесіне, оқу үлгеріміне кері әсер етіп отырғандығы туралы айтты. Кездесуде осы мәселеден шығар жолдар туралы пікір бөлісті.
Кездесу соңында халық «Ақ жол» партиясының болашағына сәттілік тілеп, сенім білдірді.