15
Наурыз

Санат жоқ 15.03.2016

Шардарадағы жүздесу

«Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Шардара ауданында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу аудандық мәдениет үйінде өтті, оған 300 адам жиналды.



Шардара ауданы сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр жасанды Шардара су қоймасы орналасқан аумақ, тарихи ескерткіштерге толы ескі шежіресімен ерекшеленеді.  Аудан шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру, мал шаруашылығы.



Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының ҚР Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымында атқарған жұмыстарына шолу жасап, елеулі еңбектеріне тоқтала отырып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Содан соң ауыл тұрғындарының хал-жағдайы, ауылдың тыныс-тіршілігі туралы әңгіме өрбітті.



Кездесуге келгендер қазіргі таңда егістік жерлердің сорға айналып, егістікке қолайсыз болып  отырғандығы – ауылдың негізгі мәселесі екендігін айтты.
Кездесу қызықты да мағыналы өтті, жергілікті халық  «Ақ жол» партиясының жұмыстары көңілге қонатындығын, сондықтан да алдағы атқарар істерге сәттілік тілеп, сенім білдірді.