16
Наурыз

«Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев Қостанай өңірінде болып қайтты



Сайлауалды үгіт – насихат жұмыстары аясында Азат Перуашев және оның партияластары астықты өңір – Қостанай облысында болды. Бұл өңірдің елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де астық шығаратынын ескерсек, партия жетекшісінің ең алдымен Қостанай ауданының «Карл Маркс» ЖШС – ында болуы түсінікті де.



Карл Маркс атындағы шаруашылық – республикадағы ең ірі астық өндіретін, 15 мың гектар жерді алып жатқан серіктестік. Оның 10 мың гектарына астық өсіріледі. Сондай-ақ, бұл шаруашылық 6 мыңға жуық ірі қара бағып, сүт өндірумен де айналысып отыр. Жаупкершілігі шектеулі серіктестікте 500 ден аса адам жұмыс істейді. Азат Перуашев олармен ферманың өзінде және машина-трактор шеберханасында кездесті.


- «Ақ жол» партиясын білмейтін адамдар жоқ шығар. Өткен шақырылымда біздің қандай мәселелермен айналысқанымызды да білетін шығарсыздар. Мен бүгін сіздерді қандай мәселелер толғандыратынын және депутаттар қандай проблемаларды байқамай қалды дегенді сіздердің ауыздарыңыздан естуге келдім, - деп бастады өз сөзін партия жетекшісі. Ол әрі қарай «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.

Тракторшылар, механизаторлар, инженерлер өздерін толғандырып жүрген мәселелерге байланысты белсенді сауал қойды. Олар – зейнетақы жасы, дағдарыстың қашан бітетіні, дәрігердің қабылдауына кірудің жылдан жылға қиындап бара жатқандығы, ауылдықтарға субсидия беру, өздері өсірген нанды неліктен қымбатқа сатып аламыз деген мәселелерге жауап іздеді.



«Ақ жол» жетекшісі ауыл шаруашылғы қолдауды қажет ететінін, ал, шаруа өз еңбегіне лайықты жалақы алу керектігін тағы да атап өтті. Отандық өндірушіні қолдау жайында Азат Перуашев «Баян Сұлу» АҚ –ның еңбек ұжымымен кездесуінде кеңінен баяндады.



- Бүгінгідей экономика күрделі болып тұрған шақта өз өндірісіңді көтеру арқылы ғана құлдырамайсың, - деді А.Перуашев, - Біз еліміздің мұнайға тәуелді болуының ақыры неге әкеліп соққанын көріп отырмыз. Одан бас тартуымыз керек.



Партияның бағыттарының бірі жемқорлықпен күрес екендігі белгілі. Ол жөнінде А.Перуашев нақты мысалдармен сөйледі. «Тұғын үй құрылыс жинақ банкінің» басшылығы туысқандары мен жақындарын тұрғын үймен қамтамасыз еткендігі жайлы айтылды. «Ақ жолдың» офшорлық аймақтардағы қаржыны кері қайтаруға бастама көтергендігі де сөз болды.



Облыс орталығында А.Перуашев үзеңгілестерімен бірге «Ақ жол» адал сайлауды қолдайды» деген ұранмен өткізілген автошеруге қатысты.



Партияның туы желбіреген 30 шақты автокөлік керуені облыс орталығының орталық көшесімен жүріп өтті.



Марафон Алаш жетекшісі Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл қоюмен аяқталды.





Көпшілікпен кездесу барысында А.Перуашев: «Ең бастысы, әрбір қазақстандық сайлауға келіп, өзінің азаматтық позициясын көрсету керек. Қазақстанның келешегі де осыған байланысты», - деп үндеу тастады.