16
Наурыз

Санат жоқ 16.03.2016

Жастардың жағдайы «ақжолдықтардың» назарында

«Ақ жол» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Орман Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу Абылай хан орта мектебінің мәжіліс залында өтіп, оған 100-ден аса адам жиналды.



А.Орман партияның сайлауалды бағдарламасымен қысқаша таныстырды. Ол өз сөзінде, «Ақ жол» партиясының негізгі құндылықтары – либерализм, демократия, жеке адамның құқықтары мен бостандығы, этностар мен діннің тең құқықтылығы болып қала береді. Партияның бағдарламасында қамтылған салалардың барлығы маңызды. Ондағы әрбір бағыт тарих сабағын зерделей отырып, өмірлік тәжірибеден алынған, әлемдік қоғамның әлеуметтік жағдайын, елдің саяси жағдайын талқылап, саралау барысында жазылған ғылыми жұмыс деп айтар едім» - деп бағалады. Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясының  нағыз  халықтық партия екендігін айтып өтіп, Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымында атқарған жұмыстары туралы бірнеше мысалдар келтірді.



- Елбасымыз шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігі жөнінде әрдайым айтып отырады, ал «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлерді қорғаушы бірден бір партия. Қазір елімізде 3 миллионға жуық бизнес өкілдері бар. Кәсіпкерлікті дамытсақ, сөзсіз жұмыссыздық мәселесін де шешеміз, елімізді отандық өндіріспен қамтамасыз етуде де жетістіктеріміз көбейетін болады. Кәсіпкерліктің емін-еркін аяқтан тұрып, дамып кетуіне қолайлы жағдай жасап, 3 жыл 

Сондай-ақ, А.Орман білім беру және жастар мәселесі маңызды сала екендігін, елдің ертеңі болған жастарға қолдау көрсетіп, білімді, өткір көзқарастағы патриот жастарды тәрбиелеудің жолдарын қарастыруды тоқтатпау керектігіне айрықша тоқталды.

-Менің ойымша, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында үнемі тығыз байланыс болуы керек. Жұмыс берушіге қандай маман және қанша керектігін анықтап, оқу орны сол кәсіп маманын оқытып шығаруды жоспарлау керек. Сұранысқа ие болмаған мамандарды дайындаудың қажеті не? Мысалы, заңгер, экономист мамандықтары тым көп болып жатса, керісінше мықты агрономдар, құрылысшылар, мал дәрігерлері жетіспейді. Міне, жастардың жағдайын ойлағанда осы мәселеге де көңіл бөлінуі қажет, сонда дипломын алып, жұмыс таппай жүрген жастардың саны азаяр еді - деді.

Кездесу қызықты да мағыналы өтті, жергілікті халық «Ақ жол» партиясының жұмыстары көңілге қонатындығын, сондықтан да алдағы атқарар істерге сәттілік тілеп, сенім білдірді.