Бұл бақылаушы болып қатысатын тұлғалардың біліктілігіне де көп байланысты болмақ. «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалында партия атынан бақылаушы болып қатысатын адамдарға арнайы дәріс беру сабақтары өтті. Оған Көкшетау қаласы бойынша бақылаушы болатын тұлғалар қатысты.
Облыстық филиалдың сайлау штабы жетекшісінің орынбасары Қайыргелді Исин бақылаушылардың міндеттері мен құқықтары жайлы жан-жақты түсінік жұмысын жүргізді. Сайлау заңы аясында орындалатын шаралар жайына да бақылаушылардың баса назар аударуы керектігін атап көрсетті.
Сайлау процесіне бақылау жасаудың өзіндік жауапкершілігі бар. Мысалы, сайлау комиссиясы жұмысына бөгет жасамай, заң талабы бойынша бақылау жүргізу барысында қандай міндеттерді атқару қажет етіледі деген сауал да маңызды екені анық.
Бұл әділ сайлау өткізуге де өзінің ықпалын тигізетіні еш жасырын емес. Қайыргелді Исин осыған баршаның ат-үсті қарамауы қажет екенін баса еске салды.
«Ақ жол»ҚДП Ақмола облыстық филиалы