Әділдікті жақтаса егер анық кім,
Партияға қолдауыңды танытқын.
Парламентте «Ақ жол» ғана бүгінде
Сөзін сөйлеп келе жатыр халықтың!
Еңбегімен ерлейді ғой төзімді ел,
Сенбе ешкімге, сенім менен сезімге ер.
Әйелді де таңдайсың ғой тек өзің,
Дауысты да ендеше тек өзің бер!
Жарқылдайық жарқылындай алмастың,
Арманымыз асулардан алға ассын!
Тәуелсіздік туы мәңгі желбіреп,
Ақ жолымыз хақ жолына жалғассын!
Қазыбек ИСА