Атырауда «Ақ жолдың» үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүруде
«Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалының Парламент сайлауына дайындығы кең өрісті жүріп жатыр.Қазіргі таңда барлық үгіт –насихаттық жұмыстар жүйеленіп, келген плакаттар мен буклеттер белсенді таратылуда. Насихаттық материалдар белгіленген орындарға ілінуде.
Сондай-ақ аудандарға түгелдей жіберіліп қамтылды.Парламент сайлауына қатысты партиямыздың сайлауалды бағдарламалары да сайлаушыларға толықтай түсіндірілді.