17
Наурыз

Санат жоқ 17.03.2016

Нарық пен халық

«Ақ жол» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының белсенділері облыс орталығында орналасқан «Бекжан» базарында саудагерлермен және базарға келген халықпен кездесу өткізді. Кездесуге 400-ге жуық адам қатысты.



Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Қайрат Айтбай  жиналған жұртқа «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып өтіп, негізгі бағыттарына жеке-жеке шолу жасап өтті. «Ақжолдықтардың» шағын және орта бизнесті дамыту  және отандық өндірісті қолдау  үшін әрқашан да нәтижелі шаралар қолданатындығы кездесу тақырыбының негізгі мазмұны болды.



Кездесуге келген қарапайым тұрғындар қазіргі нарықтық жағдайға байланысты өздерін толғандырып жүрген әлеуметтік жағдайларға қатысты сұрақтар қойды.