17
Наурыз

Санат жоқ 17.03.2016

Жастарда белсенділік болса, қоғам да тез дамиды

(Алматыда «Ақ жол» партиясының ұйымдастырумен  рок – концерт болып өтті)

Бүгін үгіт-насихат шаралары аясында «Ақ жол» партиясының Республикалық сайлауалды штабы «Ақ жол» Party» атты рок - концерт өкізді. Аталған шара «MEGA Park Алматы» сауда орталығында жастар арасында танымал өнер жұлдыздарының атсалысуымен өтіп, оған 50 - ден аса қала жастары қатысты. Республикалық сайлауалды штаб мүшелері, Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер Н.Жазылбеков, Қ.Айтбай, А.Линник, Д.Васильевтер жиналған жастарға партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша таныстырып,  20 наурыз күні өтетін сайлауға қатысып өз таңдауларын жасауға шақырды.



Шараның негізгі мақсаты жастардың саяси белсенділігін арттыру екендігіне тоқталған Мәжіліс депутаттығына үміткер А. Линник :  «Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тірегі. Біз қоғам үшін ма­ңызды саяси науқандарда өз таңдауымызды белсенді түрде жасауға тиіспіз. Өйткені, алдағы сайлау – еліміздің заң шығарушы органына лайықты тұлғаларды таңдайтын уақыт. Біз осы сайлауға қатысып, өз таңдауымызды жасау арқылы саналы сараптаулар жасауға үйренеміз. Қоғамымыздың кесек тұлғаларын тануға дағдыланамыз. Мұның бәрі біздің келешегіміз үшін маңызды. Жас­тарда саяси белсенділік жоғары болса, қоғам да жедел дамып, өркениетке бір қадам жақындай түсеміз. Ал егер біз бейжайлық көрсетсек, біздің мүддеміз де, таңдауымыз да ескерусіз қалады, – деген өрелі ойын осылай білдірді.



«Қандай қоғам болмасын, оның негізгі қозғаушы күші жастар екені белгілі. Сондықтан ел өмірі үшін маңызды саяси науқандарға жастардың белсене қатысуы қоғамның жариялық келбетін айқындай түседі. Сол себептен де бүгінгі уақытта жастардың саяси белсенділігін арттыру бағытында көптеген іс-шаралар өткізіліп отыр»,-деп атап өтті Мәжіліс депутаттыға үміткер Қ.Айбай.