18
Наурыз

Санат жоқ 18.03.2016

Бақылаушылар үгіт – насихат жұмыстарымен танысты

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауға байқау жүргізу мақсатында Түркітілдес Мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесі бүгін «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филалының сайлауалды штабында болды.



Аталған ұйымның өкілдері - Замин Алиев пен Өмер Косаман  «Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер  А.Линник пен «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филалы басшысының орынбасары Е.Ақжоловтар кездесу өткізіп, еліміздегі сайлау барысына байланысты пікір алмасты.



Аталмыш кездесу барысында бақылаушылардың негізгі сұрақтары үгіт – насихат жұмыстары қандай деңгейде жүргізіліп жатқандығы болды. Бұл мәселе жайында Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер А.Линник атқарылған іс – шаралар жайлы кеңінен айтып берді.