21
Наурыз

Санат жоқ 21.03.2016

ОСК ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ



2016 жылғы 21 наурызда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындыларын жариялады.

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларынан келіп түскен алдын ала деректерге сәйкес 2016 жылғы 20 наурызда болған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда сайлаушылар дауысы төмендегідей бөлінді:

·           «Нұр Отан» партиясына – 82,15 %

·           Қазақстан Коммунистік Халық партиясына – 7,14 %

·           Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясына – 7,18 %

·           «Бірлік» Саяси Партиясына – 0,29 %

·           Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға – 1,18 %

·           «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиоттық партиясына – 2 %

«Осылайша, «Нұр Отан» партиясы алда. Одан кейін Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы мен Қазақстан Коммунистік Халық партиясы. Бұл партиялар заңда белгіленген 7 % -дық кедергіден өтеді, бұл оларға Парламент Мәжілісінде болуына мүмкіндік береді» — деді Ортсайлауком Басшысы Қ. Тұрғанқұлов болған брифинг барысында.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде 2016 жылғы 26 наурыздан кешіктірмей белгілеуі тиіс.

«Ұлт ақпарат»
Дерек көзі - ult.kz