Кеше Орталық сайлау комиссиясы «Ақжол» демократиялық партиясының атынан Парламент Мәжілісіне депутат болып сайланған халық қалаулыларына мандаттар тапсырды. Депутаттық төсбелгі мен куәліктерді Перуашев Азат Тұрлыбекұлы, Никитинская Екатерина Сергеевна, Қазбекова Меруерт Айтқажықызы, Еспаева Дания Мәдиқызы, Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы, Барлыбаев Ерлан Хайланұлы, Абсатиров Кеңес Ғарапұлылар алды.
Аталған рәсімнен соң АП «Өздеріне дауыс берген сайлаушылардың сенімін ақтау жолында бұдан былай да өнімді еңбек ете беретіндіктеріне» сендірді.