01
Сәуір

Санат жоқ 01.04.2016

ҚР Парламенті Мәжілісінде тіркелген «Ақ жол» фракциясы

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 31 наурызы
 
'Ак жол' ҚДП фракциясы ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымында тіркелді – Парламент Мәжілісі Бюросында осыған тиісті шешім қабылданды (2016 жылдың 28 наурызындағы №3-VIБМ қаулы). 'Ақ жол' ҚДП фракциясының құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының келесі депутаттары енді:
 
1. Әбсәтіров Кеңес Гарапұлы (Әлеуметтік-мәдени даму комитеті)
2. Барлыбаев Ерлан Хайланұлы (Аграрлық мәселелер комитеті)
3. Дүйсенбинов Берік Сәлімжанұлы (Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті)
4. Еспаева Дания Мадиқызы (Қаржы және бюджет комитеті)
5. Қазбекова Меруерт Айтқажықызы (Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетi)
6. Никитинская Екатерина Сергеевна (Қаржы және бюджет комитеті)
7. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы - Фракция жетекшісі (Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетi).
 
Фракцияның мақсаты: Қазақстан Республикасының Парламентінде 'Ақ жол' Қазақстан Демократиялық партиясының мүдделерін білдіру.
Парламент, Палаталардың отырыстарында, комиссияларда,  мемлекеттік органдарда, саяси партияларда және қоғамдық бірлестіктерде фракцияның жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев 'Ақ жол' ҚДП депутаттық фракциясының уәкілетті өкілі болып табылады.
Депутаттық фракцияның жетекшісінің орынбасарлары болып Е. Барлыбаев және Е. Никитинская сайланды.