11
Сәуір

Санат жоқ 11.04.2016

Фашистік концлагерьлерден тұтқындарды азат етудің Халықаралық күні Алматыда аталып өтті

Бүгін 11 сәуір – фашистік концлагерьлерден тұтқындарды азат етудің Халықаралық күні. Осыған байланысты Алматыдағы 28 панфиловшы-жауынгерлер паркінде мәңгілік алауға гүл қою рәсімі өтті. Бұл шараға бұрын фашистік концлагерьлерде азап көрген адамдар арнайы шақырылды.


1945 жылы сәуірдің 11-і күні Германияның Тюрингия аймағында орналасқан Бухенвальд концлагеріне АҚШ әскері жақын қалған кезде, «ажал лагеріндегі» тұтқындар қарулы көтеріліс жасады. Олар концлагерьді күзететін 800-ден аса фашистерді қарусыздандырып, тұтқынға алған. Екі күн өткенде Бухенвальдке АҚШ әскері кірді. Осыған орай, БҰҰ-ның ұсынысымен, 11 сәуір – фашистік концлагерь тұтқындарын азат етудің Халықаралық күні болып белгіленген.



Мәңгілік алауға гүл қою рәсіміне «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы Д. Васильев, партия белсенділері, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.