14
Сәуір

Санат жоқ 14.04.2016

«Ақжолдық» депутаттар теңгемен берілетін несиелердің жетіспеушілігі мен банк жүйесін реформалау қажеттілігін қайта көтерді

13 сәуір 2016 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі


«Ақжолдық» депутаттар теңгемен берілетін несиелердің жетіспеушілігі мен банк жүйесін реформалау қажеттілігін қайта көтерді.

Премьер - Министр Мәсімов пен Ұлттық Банктің төрағасы Акишевтың атына бүгін «Ақ жол» фракциясының атынан Ерлан Барлыбаев осындай депутаттық сауал жолдады.

Мұндай сауалдың жолдануына теңгемен берілетін несиенің жетіспеушілігіне байланысты жасалған кәсіпкерлердің арыз-шағымдары себеп болды. «Кейде несие берілген жағдайдың өзінде де оның пайыздық өсімінің соншалықты жоғары болғандығынан кез келген өндірісті тиімсіз жасайды және бизнестің нақты сектордан кетуіне және алыпсатарлықпен айналысуына әкеліп соқтыруда», -делінген депутаттық сауалда.

«Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы өзінің сайлауалды бағдарламасы мен отандық бизнестің мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастыра береді.