Бабам менің көк бөрі емген түркі еді,
Көлігіміз желден жүйірік жылқы еді.
Сахарада көшіп қонған қазақтың,
Жылқыменен байланысты бір тегі.
Жылқыны алғаш қолға үйіретіп алған біз.
Жылқыға алғаш ноқта-жүген салған біз.
Жорықтарда тұлпар мініп, ту ұстап,
Еуропа, Азияға барған біз!
(Қайнолла Жәнәбілұлы)
Фотогалерея