05
Мамыр

«XXI ғасырдағы Алаштың Нұрлы жолы» - Алматыда «Ақ жол» ҚДП ұйымдастырған жыл сайынғы Жалпыұлттық байқауының II кезеңі өтті

 2016 жылдың  30 сәуірінде Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде, тарих, этнология және археология факультеті алаңында «Ақ жол» ҚДП ұйымдастырған жыл сайынғы Жалпыұлттық «XXI ғасырдағы Алаштың Нұрлы жолы» атты байқауының II кезеңі өтті.



Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы конкурс Алаш қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алаш Орда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналды. және келесі номинациялар бойынша өткізілді: 1. Әлихан Бөкейханның мемлекеттік құрылыс және демократиялық құндылықтарға деген көзқарасы, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі; 2. Әлихан Бөкейханның экономикалық көзқарасы және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі; 3. Әлеуметтік, рухани-мәдени жаңғырту мәселелері және Әлихан Бөкейханның қазақстандық қоғамның еуропалық даму жолындағы жұмыстары және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі; 4. 'Алаш' қозғалысының тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер. Конкурстың қазылар алқасына алаштанушылар Талас Омарбеков, Қайдар Алдажұманов, Светлана Смағұлова, Сұлтан Хан Аққұлұлы шақырылды, ұйымдастырылған конкурсты 'Ақ жол' ҚДП Орталық кеңесінің хатшысы Сәбит Байдалы басқарды.  
2016 жылғы байқаудың жүлде қоры 1 млн тг ұлғайтылып, 4 млн тг. құрады.
Іс-шара, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен 'Ақ жол' ҚДП құрылған, 'Алаштану' Ғылыми-зерттеу орталығының салтанатты ашылу рәсімімен басталды. 'Ақ жол' ҚДП төрағасы А. Перуашев және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков орталықты ресми түрде ашты.
Конкурсқа қатысу үшін әр түрлі аймақтардан 80-нен астам өтінім келіп түскен. 1-ші, сырттай этап қорытындысы бойынша арнайы қазылар алқасы 2-ші кезеңге қатысу үшін 25 жұмысты іріктеп алды.
30 сәуірде өткен, күндізгі дебаттың 2-ші туры  барысында, әр номинация бойынша үміткерлер өзінің конкурстық жұмысын қорғаумен сөз сөйледі, сұрақтарға жауап берді, басқа да жасалған баяндамаларды талқылауға қатысты.
Пікірталастар қорытындысы бойынша әрбір номинация бойынша финалдық – конкурстың 3 кезеңіне қатысу үшін 3 үміткерден іріктелді. Нәтижесінде, 12 қатысушылар финалға өтті. Үздік жазбаша жұмыстардың авторлары (келесі кезеңге өткеннен басқалары) дипломдармен және 25 мың теңгелік сыйлықтармен мен алғыс хаттармен марапатталды.
Әділ-қазылар алқасы дәстүрлі конкурсқа қатысқан жас белсенділерін де анықтады, ен, олар Ержан Шагимолдин, Алма Сайлауова, Еркін Рахматуллин, Алмас Жүнисбаев, Күнсулу Құрманова, Мархаббат Қозыбаев, Елдос Тоқтарбай.
Финалдық турынан кейін конкурс материалдары жеке басылыммен жарияланады.